8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, әнші Заттыбек Көпбосынұлы Шымкент қаласында концерттік кеш бермек. Кеш «Ақ маржан» деп аталады. Концертте Заттыбекпен бірге оның әндерін орындап жүрген Оңтүстіктің әншілеріде өнер көрсетпек.
Заттыбек Көпбосынұлы, әнші, композитор: «Мен бұл концерттік кешімді нәзік жанды аруларға арнап отырмын. Өйткені, көктем мезгілінің алғашқы айларында олар қашанда сый күтеді. Ал менің концерттік кешіме келген арулар, келіншектер мен аналар өкінбейді. Өйткені, аталған кешімде жаңа әндерімнің тұсауы кесіліп, кезінде халықтың көңілінен шыққан туындылармен бірге мені халыққа танытқан әндер орындалады. Күнделікті күйбен тіршіліктен шаршағандар әсем ән тыңдап ерекше сезімге бөленеді».
Қазір әнші толығымен алдағы күндері өтетін концерттік кештер мен гастрольдік сапарға дайындық үстінде. Айта кету керек жақында әнші Заттыбек Көпбосынұлы ұзақ жалдырдан кейін алғаш рет әке атанған болатын.
Қыздарының болашақта еліне елеулі ару қыз болсын деген ниетпен есімді де көп ойланып таңдаған екен.
Заттыбек Көпбосынұлы Бәйдібек ауданы Кеңес ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Алғаш рет әншіні халыққа танытқан терме болатын. Бірнеше байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізген Заттбек қазір Алматы қаласында тұрады. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласынан өнер ордасына қоныс аударған болатын. Алайда жары Әлия Шымкент қаласында босанды. Перзентхананы Шымкентте тандағанымыздыңда өзіндік бір себебі бар дегенді алға тартқан Заттыбек сәбидің туған жеріне деген сүйіспеншілі мықты болсын деп ырымдапты.