Заттыбек Көпбосынұлы шәкірт тәрбиелеуге көшті

Заттыбек Көпбосынұлы
Заттыбек Көпбосынұлы

Заттыбек Көпбосынұлы «Сені ойлап» атты жаңа ән жаздырды. Жуырда жаңа әнге бейнебаян түсірілуі мүмкін. Заттыбек сонымен қатар Шымкенттік «Нұрдастан» тобына да жетекшілік етіп жүр.

Заттыбек Көпбосынұлы, әнші,композитор:»Бұл топқа продюсер болмасам да, өнер әлемінен өз орындарын адаспай табуларына септігімді тигіземін. Қазір өнер жолын таңдап алып, дұрыс бағыт тауып жүре алмай жүрген өнерлі іні- қарындастырымыз көп. Міне соларға дұрыс таңдау жасауларына, әрине, міндетті түрде біз көмек беруіміз керек.Осылайша мені Алматы қаласына арнайы іздеп келіп, көмек қолын сұраған соң, жәй қарап тұра алмадым. Өздеріңіз білесіздер үлкен сахнаға шығу үшін көп тер төгіп барынша жұмыстар жасау керек. Бұны мен жас әншілерге міндетті түрде жиі жиі айтып отырамын».

– Ал өзіңіздің жеке шығармашылығыңызда нендей жаңалықтар болып жатыр?
– Жаңалықтар көп, тек уақыттың аздығынан үлгермей жатырмын. Алматы қаласы өнер ордасы ғой. Мүмкіндігінше тұрып қалмай, қимылдап әрекет жасай беру керек.
– Кішкентай қыздарыңыз өсіп жатыр ма? Қылықтармен сіздерді қуантып жатқан болар?
– Әрине кешке жұмыстармен жүріп үйге келгенде, кішкентайыңнын қылықтарын көріп бәрін ұмытып кетесің. Аллам Зеремізге барлық Қазақстанның кішкентай балаларына денсаулық, ғұмырларынның ұзақтығын берсін!!