Заттыбектің соңғы жаңалығы

Заттыбек Көпбосынұлы

Бүгінде өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп, «Ақ маржан» әнімен таңылған әнші Заттыбек Көпбосынұлының шығармашылығында жаңалықтар орын алуда. Жақында әншінің орындауындағы «Ауылға кеткім келіп тұрады» атты әніне бейне клип түсірілді.

Бейне туындының авторы: Шынберен Сүлейменов есімді композитор. Мен бейне клипті Шымкент қаласында түсірген жөн деп санадым. Өйткені өзім Алматы қаласына қоныс аударсамда, әлі күнге дейін туған жеріме деген сағынышым жүрегімнен сейілген емес. Сондықтанда туыған жерімде бейне литі түсірдім. Қазір жаңа клип монтаждалу үсітінде бірер күнде көрермен қауымға жол тартады дейді әнші Заттыбек Көпбосынұлы.

Сонымен бірге Заттыбек репертуарын басқада жаңа әндермен толықтыруда.Олар «Мен сені аялаймын», «Ана туралы жыр» секілді әндер. Бұйыртса Заттыбек Шымкент қаласына жеке шығармашылық кешін беріп қалуыда мүмкін.