Жуырда ғана Хабаровсктан жағымды хабар келді. Еуразия үздігі атану үшін епті кикибоксшылар тартысқа түсті. Олардың арасында Шымкенттік Бабур Артықбаев та бар. 75 келі салмақтағылар арасында Бабур ресейлік Магамед Магамедовты 8-раундта нокаутқа жіберіп, чемпион атанды.
Ал оның ізбасарлары Қостанайда өткен Қазақстан чемпионатынан оралды. Облыс қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар. Нәтижесінде жерлестеріміз командалық есепте бірінші орыннан көрінді.