Оңтүстіктің кикбоксшылары құрлық чемпиондары атанды

515
Оңтүстіктің қоржынына төрт алтын Кубок салынды

Үндістанда өткен Азия чемпионатында Оңтүстіктің саңлақтары топжарды. Құрлық біріншілігінде 300-ден астам спортшының арасында алты жерлесіміз де сынға түскен болатын.

Бабур Артықбаев, Ғалым Өтегенов және Нұржайна Елубаева және Аида Тұяқбай ақтық сынға жолдама жеңіп алып, алтыннан алқа тақса, жартылай финалда сүрінген Нұркен Төлегенов пен Марлен Тасболат қола медаль тағынды. Бас жүлдені арқалаған спортшыларды шымкенттіктер қошеметпен қарсы алды. Құшағына басып, алдағы сынақтардан да сүрінбей өтулеріне тілек білдірді.

Қоржынымызға 4 алтын, 2 қола медаль салып, командалық есепте бірінші орыннан көріндік
Қоржынымызға 4 алтын, 2 қола медаль салып, командалық есепте бірінші орыннан көріндік

Бабур Артықбаев, Азия чемпионы: «Жарыстың оңайы болмайды. Азия чемпионатында тер төгуге тура келді. Қарсыластарымыз осал емес. Дегенмен, бапкер үмітін ақтауға тырыстық. Алдымызға қойылған жоспарды орындай алдық та деп сеніммен айта аламын. Ендігі шың – әлем чемпионаты.»

Оңтүстіктің қоржынына төрт алтын Кубок салынды
Оңтүстіктің қоржынына төрт алтын Кубок салынды

Жаңабай Әшірбеков, кикбоксингтен ОҚО аға бапкері: «Ендігі жоспарымыз Әлем чемпионатында сынға түсіп, қоржынымызға кем дегенде екі алтын медаль салу болып отыр. Оның үстіне бүгінде бойжеткендеріміз де өздерін жақсы көрсете алды. Бұл да болса біз үшін жақсы жетістік.»

Ендігі мақсат Әлем чемпионатында жүлделі болу
Ендігі мақсат Әлем чемпионатында жүлделі болу

Осыдан екі жыл бұрынғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 20 медаль жеңіп алған болатын. Биыл да 18 медальды еншілеп, командалық есепте бірінші орынға шықты. Әлем чемпионатының алдында бұл доданы іріктеу жасауға жақсы мүмкіндік деуге де болады. Байрақты жарыс қазан айының 20-на Ирландияда өтеді.