Құйын кесірінен Шымкентте 19 апатты жағдай тіркелді

381

Демалыс күні облыс аумағында қатты желдің салдарынан коммуналдық қызмет жүйесінде көптеген апаттар орын алып, шығын келген. ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, электр және газ тарату жүйелеріне зақым келген. Шымкент қаласының өзінде 19 апатты жағдай тіркелгені анықталды.

Энгельс көшесіндегі құлаған ағаш салдары

Құйын боран 16:19-дар шамасында басталған. Желдің жылдамдығы секундына 19 метрге жеткен. Қаланың көп аймағында жарық сөніп, ағаштар газ магистраліне құлаған. Үйлердің шатыры ұшып тұрғындарды әбігерге салды. Тіпті, Энгельс көшесінде ағаш басып қалған Мерседес көлігіне құтқарушылардың көмегі қажет болса, 1 май көшесінде орналасқан екіқабатты үйге де тал құлаған.

Галина Лучевская, тұрғын: «Құйын бірден басталып, түбі жоқ ағаш құлай кетті».

Электржүйесі мен газ құбырлары жұмысыныңың үзілуі (порывы) түнгі 11-де тоқтатылды. Ал құлаған ағаштарды жинастыру жұмыстары әлі жалғасуда. «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері күні бойы осы жұмысқа жұмылдырылды.

Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 32 адам 5 техника жұмылдырылды. Енді келтірілген шығынның көлемі анықталатын болады.