Қарабұлақтықтар суицидтың алдын-алуға халықтық жолмен кірісті

336

Сайрам ауданында тағы бір суицид дерегі тіркелген. Биылғы жыл басынан бері 5-ші және 7-сыныпта оқитын 2 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсағаны анықталып отыр. Қайғылы оқиға Қарабұлақ елдімекенінде орын алған. Былтыр ауылдықтар бұл санның әлдеқайда көп болғанын айтады.

Елдімекен тұрғындары мұндай жағдайдың жиі орын алуын лағнетпен байланыстырып отыр. Өйткені адам өлімінің қайталануы кездейсоқ емес. Қарабұлақтың аудан әкімшілігі мен жергілікті кәсіпкерлер және тұрғындар ұйымдасып, енді жаман жәйттің бетін аулақ қылсын деген ниетте ақ түйені құрбандыққа шалып, ас берді.

Әлімжан Ныщанқұлов, Қарабұлақ елді мекенінің әкімі: «60 жыл бұрын мұндай қайғылы оқиға болған, сонда ақсақалдардын бірі құрбандыққа ақ түйені шалу керегін айтты».

Дегенмен ауыл тұрғындарының үрейі мұнымен басылған жоқ. Олар балаларына алаңдаулы. Ауылдың орталық мешітіндегі имамға күніне оншақты жасөспірім арнайы келіп кеңес алады. Имамның айтуынша өз-өзіне қол жұмсаудан аман қалған балалардың көбісі түсінде түсініксіз елестерді көреді екен.

Абдуррафи Рахматуллаев, мешіттің бас имамы: «Біз олармен сөйлескенде түстеріне ақ киінген ақ сақалды көріпті. Ақ сақал оларға өмірдің маңызы жоқ деп артына еруге шақырған».

Айта өтейік Қарабұлақтың өзінде өткен жылы суицидтен 14 адам көз жұмған.