Қоқыс полигонын рекультивациялау жұмысына арналған жобаны қайта қарау қажет. 30 жыл қолданыста болған полигон 34 емес, 64 гектар болып шықты. Қоқыс тастау орнын қайта қалпына келтіру жұмысына 904 миллион теңге бөлінді.

Мердігер «Ақ Орда» корпарациясы қаражаттың 414 миллион теңгесін игеріп, 20 гектар жерді қоқыс қалдықтарынан тазартты. Бүгінде Бозарық елдімекенінен құнарлы топырақ тасылуда.

Алғашқы жоба бойынша полигонды қалпына келтіру 1 млрд. 107 миллион теңге деп есептелген.