Биыл Қазақстан Республикасы ардагерлер кеңесінің құрылғанына 25 жыл. Ширек ғасырлық мерекені тойлауға Астанаға аттанып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл Мұхамедтің қабылдауында болып қайтқан облысымыздың 58 ардагері елге оралды. Салтанатты жиында хатшы Елбасымыздың арнайы құттықтау сәлемдемесін оқып, ыстық лебізін білдіріпті.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған алты 6 орталық кеңесі мүшесінің ішінде «Шаттық» әжелер ансамблі мен облыстық опера және балет театрының өнерпаздары да бар.
Әнші әже-аталар Астананың төрінде Жеңісбек Мәуленқұловтың сөзі мен композитор Сәбит Әбдрайымовтың әніне жазылған «Ардагерлер» жырын жырлаған. Бұл ән Қазақстан Республикасы ардагерлер кеңесінің гимніне айналатын болады.