Түркістан еліміздің астанасы бола ма?

263
фото Ел.кз

Рухани астанамыз Түркістанды еліміздің астанасы болады екен деген қауесет таралғалы қашан. Аталмыш әңгіме әлеуметтік желілерде дүркін-дүркін көтеріліп тұрады. Күні кеше тағы да WhatsApp мессенджерінде елорданы Түркістанға көшіру туралы бейнежазба тарады.

Бейнежазбада бұл идеяны президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғаны, ал  депутаттар оны бірауыздан қолдағаны айтылған. Сондай-ақ,  Түркістан бас қала мәртебесіне   2024 жылы ресми түрде ие болатыны туралы айтылған.

Әрине мұндай хабар егер рас болса ең алдымен ҚР Президентінің ресми сайтында жариялануы тиіс. Мәлім болғанындай мұндай ақпарат Ақорда сайтында жоқ.

Аталған ақпарат фейк.