Шымкентте бүгін ұсақ малдарды тоғыту жұмыстары басталды. Қала халқында 11 мыңнан астам уақ мал бар екен. Бұл істі «Төрт түлік белгілері» ЖШС-нің өкілдері жүргізетін болады.
Мамандар залалсыздандыру жұмыстарын осы сәуір айында аяқтауды жоспарлап отыр. Ал бүгінге дейін қаладағы ірі қара малдың 44 пайызы бүркуден өткен.
Айта кетейік, қолға алынған бұл іс кенеге қарсы күрестің бір жолы.