ОҚО ішкі саясат басқармасының бастығы ауысты

264

Облыста кадрлық ауыс -түйіс. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы ауысты. Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметті енді Гүлмира Тағаева атқарады. Ол бұған дейін Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары болатын.

Г.Ж.Тағаева 1966 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист-ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданаралық «Сельхозтехника» базасының жұмысшысы болып бастаған. 1989-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданаралық ауыл шаруашылығын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету базасының кадр бойынша инспекторы, Қабланбек мал дәрігерлік техникумының мұғалімі болған.

1998-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім меңгерушісі, аудандық экономика бөлімінің бас маманы, аудандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің меңгерушісі, Сарыағаш ауданы әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2005 жылдың мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келеді.

Ал аталмыш мекемені осыған дейін басқарып келген Батырбек Жалмұрзаев діни істер жөніндегі аумақтық департаментінің бастығы болып тағайындалды.