Сандық форматтағы телехабарлар көбейеді

Гүлмира Тағаева

Осы жылдың 20-желтоқсанынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сандық форматтағы теледидар хабарларын жоғары сапада, әрі тегін тамашалай алады. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Тағаева жылды қорытқанда мәлімдеді.

Гүлмира Тағаева
Гүлмира Тағаева

Оңтүстік Қазақстанда 67 мың жерлесіміз «Отау ТВ» ұлттық желісіне қосылған. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш дейді басшы ханым. Мұнан бөлек, салада түрлі жұмыстар жасалған. Ол әсіресе, Елбасының жолдауын насихаттауда орын алған. БАҚ пен мәдениет, дін саласында да жетістіктер жетерлік. Тағаева ханым бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді. Осы ретте, «Оңтүстіктегі саяси тұрақтылыққа Елбасының да көңілі толды» деп қорытты сала жетекшісі.