Оңтүстікте қырым қанды безгегін тудырушы кенелер табылды

443
2 адам күдікпен ауруханаға жатқызылды

Оңтүстікте конго қырым қанды қызбасын тудырушы кенелер табылды. Санитар дәрігерлер Шардара, Сайрам, Отырар, Ордабасы, Сарыағаш аудандарын аралап, оның 4 мыңнан астам түрін анықтады. Кененің 330 түріне сараптама жасалып, алтауы конго қырым қанды безгегіне оң нәтиже берген.

Айта кетейік, кенелермен күресуге облыс қазынасынан 350 миллион теңге бөлінген. Бүгінде облыс бойынша 254 азамат кене шаққандығы туралы дәрігерге шағымданған.

Әзірге науқастанған адам жоқ. Кене шағудың ең көп кездесуі жылдағыдай Шымкент қаласында болып тұр.

Өткен жылдың осы мезгілінде шахарда 62 адамды кене тістесе, биыл 50 жерлесімізді кене шағыпты.