Облыс әкімінің жүлдесін волейболшылар сарапқа салды. Басты шарт жарысқа қатысушылардың жасы 50 ден асуы тиіс болатын. Байқоңыр, Алматы, Қызылорда тіптен Өзбекстаннан да ниет білдіргендер болды. Он команданың ішінде шымкенттіктер де болды.
Жарыстың алғашқы күні «Қарасай» командасы қарсыласынан басым түсті. Кездесудің басынан-ақ оңтүстіктің командасын олар ойсырата жеңді. Алайда, бас жүлдеге жету үшін әлі талас көп екені даусыз.
Екі күнге жалғасқан жарыстың нәтижесінде шымкенттің тәртіп сақшылары үздік танылды. Облыс әкімінің жүлдесі оңтүстікте қалды, ал екінші орыннан су арнасының волейболшылары еншілесе, алматылықтар алғашқы үштікті қорытыныдлай түсті. Ал өзбекстандық қонақтар төртінші сатыны қанағат етті.