Облысымызда су басқан аудандарға көмек көрсету шарасы жалғасуда. Ордабасыға материалдық тұрғыдан көмек берілген болатын.

Зардап шеккен аудандардың бірі – Түркістандағы тұрғындарға киім-кешек пен 1 тонна 100 келі азық-түлік жіберілді. Аталған игі бастаманы Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесі мен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы құрылған комиссияның мүшелері қадағалауда.

Қазірдің өзінде қайырымдылық шарасының есепшотына 56 млн. 781 мың теңге түскен.