Екі күн бойы Қазыбек және Төле би көшелеріндегі ретсіз сауданы жоюмен айналысқан қалалық мәслихат депутаттары жұма күні «Ескі қалашықтағы» жаяу жүргіншілердің жолын жапқан құрылыс материалдарын тазартуға кірісті. Бұл шараға қала әкімі Жетпісбай Арман Шәріпбайұлының өзі де келіп қатысты.
Жұмыла жасаған жұмыстан нәтиже болады. Мұны қала әкімдігінің мамандары мен қалалық мәслихаттың депутаттары осы күнге дейін түрлі сылтау айтып міндеттерін орындаудан қашып жүрген түрлі құзырлы мекеменің мамандарына дәлелдеп берді. Әрине ретсіз сауданы жоюда тек рейдтік шараның шамасы жетпейді.
Әрбір мекеме өздеріне жүктелген жұмыстарын жасаулары тиіс. Ал жасамаған жағдайда біз сол басқарма не бөлімнің қызметкерлеріне шара көруді талап етеміз.
Қазыбек және Төлеби көшелерінде үш күнде тәртіп орнап ретсіз сауда біршама жойылды. Әрине ол саны көп, сапасы жоқ құзырлы мекеме қызыметкерлерінің жеңісі емес. Енді қалалық мәслихаттың депутатары ескі қалашықтың жаяу жүргіншілерге арналған жолды жиналған құрылыс қалдықтарынан ажыратты. Ал әкімнің ұсынысымен бастау алған бұл шара 10 күнге созылады.