Сұйық отын қымбаттады

494
бензин қымбаттады

Қазақстандық жүргізушілер тағы да қымбатшылыққа бетпе-бет келді. 7- сәуірде табиғи монополияларды реттеу агенттігі бензин бағасының қымбаттағанын жариялады. Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев «Қазақстандағы бензин бағасының қымбаттауына оның әлемдік нарықтағы бағасының қымбаттауы себеп болды» деп хабарлады.

Мұнай және газ министрлігі ұсынған түзетулерді ескере отырып, шекті бағаларды белгілеу үшін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығымен мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сатудың шекті бағалары белгіленді.

Жанармай тағы да жағадан алды. Бұл жолы тапшылығымен емес, қымбатшылығымен жүргізушілердің наразылығын тудырып отыр. Сонымен, нарықтық бағада Дизель отынының — литрі 95 теңге; Аи-80 — литрі 95 теңге; Аи -92 — литрі 112 теңге болды.

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанармай құю бекеттері қауымдастығының төрағасы: «Біздің облыста 400-дей алыпсатарлар болатын. Қазір олардың саны он есе қысқарып кетті. Мен Алматыда бір ғана үш бөлмелі үйде бес бірдей компанияның  бензин саудасымен айналысатынын білемін. Оған өзім келісім-шарт жасауға барғанда көзім жеткен. Сізден алып, екіншісіне беремін. Сосын келесісі. Міне, осылайша бір пәтерден шықпай-ақ  саудаңдың шыр айналдыруға болатын.  Көрші Ресей елінде сұйық отынның бағасы — 140 теңге. Ал біздің Сауат Мыңбаев оның бағасы біздің елде 10-15 пайыз төмен болуын қадап айтты.  Сонда біздің баға 120-125-тің шамасында болу керек. Ауырлық әкелмейтін еді».

«Сәуір келсе-тәуір болады» деген жұртшылық электр жарығымен сұйық отын бағасының күрт көтерілуіне тап болды. Бір айлыққа қарап отырған көлікжүргізушілер жанармайдың салатын түрлі әуеніне еті де үйреніп кеткен сыңайлы.