Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесуі жалғасуда

25

Шымкент әкімі Нұртас және Мәртөбе шағынаудандарының халқымен де кездесті. Олар жылыту маусымы, тұрғын үй сапасы, ағын су мәселелерін көтерді. 

Шымкент әкімінің Нұртас және Мәртөбе шағынаудан халқымен көшпелі кездесуінде көтерілген басты тақырыптардың бірі қоғамдық көлікте жол жүру ақысы болды. Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы енді жол ақысын қалай төлеу керек екенін айтты.

Нұртас шағынауданында тұрғындар ұзаққа созылған құрылысқа наразы. Ғабит Сыздықбеков мәселенің тез арада шешіле қоймайтынын нақты айтты. Дегенмен, жағдайды бақылау үшін арнайы топ құрылады.

Мәртөбе тұрғындары су тапшылығы мәселесін көтерді. Егіншілікпен айналысатын тұрғындар судың жетіспеушілігін айтып, проблеманы шешіп беруді сұрады.

Әкімнің халықпен көшпелі кездесулері жалғасуда. 18 қазанда қала басшысы Тұран ауданының тұрғындарымен кездеседі.