Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебі ашылмақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткен семинар мәжілісте кеңінен сөз болды.
Зияткерлік мектебінің менеджері Ләззат Байжігітова осы жылдың қыркүйек айында облыс орталығында екі зияткерлік мектеп пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Жаңа мектеп шәкірттерге негізінен жаратылыстану бағытында білім береді.
Мектепке 7 сыныпқа өткен оқушылар, екі кезең бойынша емтихан тапсыру арқылы қабылданады. Ал ұстаздар тәжірибесіне қарай, базалық деңгей бойынша таңдалатын болады.
Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері облыстың мұғалімдеріне 3 айлық арнайы курс өткізуді бастады. Курсқа қатысушыларға шетелдің іргелі жоғары оқу орныдарында тәжірибеден өтуіне мүмкіндік берілмек.