Оңтүстікқазақстандықтар Астанаға кітап тарту етті

Кітап 294 беттен тұрады
Кітап 294 беттен тұрады
Кітап 294 беттен тұрады

«Елім менің…» Елорданың 15 жылдық мерейтойына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі осындай кітап шығарды. Елбасының Тәуелсіздік алған жылдардан бері сөйлеген қанатты сөздері топтастырылған басылым мың данамен шығып отыр.

«Дарынды ұрпақ-қарымды ұрпақ», «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» секілді 20 бөлімнен тұратын естелік 294 беттен тұрады. Сондай-ақ, мұнда жарияланған суреттер Елбасының тек біздің облыста болған сәттерінен алынған.

Кітапты шығаруға ұйытқы болған әкімдік өкілдері «Елім менің…» кітабының 6 шілде күні астаналықтарға да жеткенін айтады. Басылым туралы пікірді енді халық береді дейді олар.

Сұранысқа қарай тираж санын көбейту де жоспарланып отыр. Сол кезде сатылым жайы да шешілмек.

Әзірге «Елім менің…» туындысын Шымкенттегі, Алматы және Астанадағы кітапханалардан табуға болады.