Осыдан бес күн бұрын облысымызда бастау алған суретшілердің симпозиумы өз мәресіне жетті. Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Нұрын шашқан Оңтүстік» республикалық суретшілер симпозиумына еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген суретшілер жиналды. Олар Шымкенттің көрікті деген, Ордабасы алаңы, Рәміздер алаңы, Шәмші гүлзары, Дендросаябағы және Абай саябағында пленэрлік жұмыстар жасады.
Облысымыздың мерейлі тойына кең көлемде атап өтудің сатысында суретшілер өнерлері көпшілікке паш етті. Бес күнге созылған қалқалам шеберлерінің симпозиумы да осы мерей тойға арналды. Айтулы өнер мерекесіне барлық облыстардан өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер шақырылды. Сонымен қатар, аға буын өкілдерінен тәлім алу үшін облысымыздың талантты жас суретшілері де арнайы қатыстырылды.
Суретшілер Машат шатқалында және Сайрам ауданы, Төлеби ауданы «Ғайып Ерен-Қырық шілтен» аумағында болып, этюттік жұмыстар жасады.
Бір апта көлемінде симпозиумға қатысушы қылқалам шеберлері өлкеміздің аңызбен астасқан табиғатын, әркімнің қолынан келе бермейтін, қиялымен ұстай алмайтын көріністерді қырқалам арқылы біршама туындыларды дүниеге әкелді.
Республикамыздың дарынды суретшілерінің басын қосып, дөңгелек үстелде өткізілді. Онда пікіралмасып, өзара тәжірибе алмасқан шеберлер шеберлік шыңдау сабағын да өткізіпті. Ал, бүгін, яғни 28-сәуір күні «Нұрын шашқан Оңтүстік» республикалық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті. Осы аралықта жиналған 102 сурет облыстық көркемсурет галереясының алтын қорына алынды. Симпозиумға қатысқан қылқалам шеберлері арнайы дипломмен және стипендиямен марапатталды.