Суретшілердің симпозиумы басталды

384
Суретшілердің симпозиумы басталды

Шымкентте «Дархан далам» атты суретшілер симпозиумы басталды. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен өнер қайраткерлері және қыл қалам шеберлері қатысуда. Олар бес күн бойы шаһардың көрікті жерлерінде қазақтың тарихынан сыр шертетін суреттерді бейнелейді.

vlcsnap-2016-05-16-14h39m34s251

Симпозиумның басты мақсаты – бейнелеу өнеріне жаңаша көркем қосып, пластикалық шешімдер мен формаларды іздестіру. Ал 20 мамыр күні үздік деп танылған суреттер арнайы көрмеге қойылады.