Учаскелік полицейлердің жұмысына халық баға береді

249

Енді учаскелік полицейлер де халық алдында есеп беруге көшті.  Теріскей шағын ауданындағы №7 учаскелік тірек пунктінің биылғы жылдың үш айында атқарған жұмыстары тұрғындар алдында тыңдалды. Онда күрмеуі күрделі көптеген сауалдар да қойылды.

Теріскей шағын ауданындағы ең үлкен келеңсіздік «Құлтай ана» базары жабылғалы саудагерлердің жаяу жүргіншілердің жолын жайлап алуы. Шағын аудан тұрғындарының жолын бөгемес үшін учаскелік инспекторлар жабылған базардан сауда қатарын ашып береміз деп уәде етті. Абыр-сабыр ретсіздіктен мұнда пәтер тонау мен көлік ұрлығы көбейіп кеткенін де олар тілге тиек етті.

Кездесу барысында көпшілікті мазалаған мәселелердің бірі тәулікке жалға берілетін пәтерлер мен балалар ойнайтын алаңқайлардың автотұраққа айналуы. Бұған аудан әкімдігі қолғабыс етіп, МАИ қызметкерлері жұмылдырылса дейді. Айна базарындағы қарапайым халықтарды алдап ақшасын қағып жүрген алаяқтардың да мәселесімен айналысу басты назарда. Бұған Еңбекші аудандық полиция басқармасының басшысы өз уәдесін берді.