Абай ауданының прокуроры жыл басынан Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 4 бірдей қылмыстық істі жасырып қалуға тырысқанын мәлімдеді. Созбалаңға салынған фактілер де тіркеліп отыр. Ауданның бас заң қадағалаушысы бұл дәйектерді тергеушілердің қатысуымен өткен жиында келтірді.
Жасырылған 4 қылмыстық істің екеуі УПИ-нің мойнында болған. Тағы екеуі патрульдік полиция полкі мен анықтаушының құзырына тиген. Бұл фактілер аса ауыр қылмыс санатына жатпайды. Дегенмен, прокуратура өкілдері олардың мұндай әрекетке баруына сыбайластықтың болуы да мүмкін дегенді алға тартады.
Абай ауданының прокуроры Қадағалаушы орган өкілдері биыл бұл тұрғыдағы көрсеткіш кемігенін айтады. Себебі өткен жылдың 4 айында жасырылған қылмыстық істің саны 100-ге жуықтап, погондылар айды аспанға бір-ақ шығарған болатын. Дегенмен, созбалаңға салынған қылмыстық істер тыйылар емес.
Ал Абай аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы жаманын жасырып, жақсысын асыруға тырысты. Подполковник бұл тұрғыда тек жұмыс жақсарып келеді дегенмен ғана ақталды.
Тергеу бөлімшесіне тізгінді ертерек қолға алу керектігін келтірілген көрсеткіштерден-ақ байқауға болады. Жыл басынан мұнда 1000-нан астам қылмыс тіркелсе, соның тек 350-і ғана сотқа жіберілген. Ал қалған қылмыстық істер әлі ашылмаған деген сөз. Бұл полицейлердің толық өз пәрменін пайдалана алмай отырғанын көрсетеді. .