«Южный Казахстан» облыстық газеті Ұлы Жеңіске 67 жыл толуына орай жеңіл атлетикадан дәстүрлі марафон сайысын ұйымдастырды. Жарыста облыстың мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының шәкірттері бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі марафон биыл 71 рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта турнирдің аясы бұдан да кеңейе түспек. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегер анықталып, үздік спортшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жекелей сынның қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің студенті Артем Саблин мәре сызығын бірінші болып қиды.
Марина ЛИМАРЕНКО, «Южный Казахстан» облыстық газетінің бас редакторы: «Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Көрдіңіздер, қатысушылар жоғары дайындықпен келіпті. Болашақта ауыл-аймақтың жас жеткіншектерін де қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл турнирдің басты ерекшелігі — 1937 жылдан бері үзіліссіз өтіп жатқандығы».