«Ұлы дала жорығы» екінші жыл қатарынан өтуде

33
епті шабандоздар облыс құрамасынан өз орнын табады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 5 қыркүйекте елордалық «Қазанат» ипподромында «Ұлы дала жорығы» республикалық марафонының салтанатты ашылуы өтетінін хабарлады. Додаға еліміздің әртүрлі өңірінен жиналған 20 команданың атынан 100 шабандоз қатысады.

Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады, ол үшін қатысушылар еліміздің 5 өңірі — Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 км қашықтықты жүріп өтеді.

«Түркістан қаласында марафон аяқталады. Жалпы, шабандоздар 12 аудан мен 52 елді мекенді аралайды. Марафонға қатысу үшін халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған», – деп жазды министр.