Түркістанда «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары марапатталды

49

«Ұлы дала жорығы» мара­фоны мәресіне жетті. Дүбірлі доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Түркістанда ма­рапатталды. Мәреге бірінші болып жеткен Жетісу облысының ком­андасы 18 000 000 те­ңге көлеміндегі жүлд­емен марапатталды.

Ақтөбе облысы команд­асы 2-ші орын үшін – 16 000 000 теңге, ал 3-ші орын иегері Алматы қаласының кома­ндасы 9 000 000 теңг­ені қанжығасына байл­ады. Төрешілер шешім­імен мәреге 4-ші болып келген Абай обл­ысының командасына 5 000 000 теңге табыс етілді.

«Ұлы Дала жорығы-2023» марафонының жеңімпазы- Жетісу облысының командасы. Елордадан Түркістан қаласына дейін 1300 шақырымды бағындырған шабандоздардың уақыты 93 сағат 47 минут 43 сек­унд. «14 сатыға бөлінген марафонға 19 өңірден қатысқан команда арасынан озып шығу оңайға соқпады, алайда біз барлық күш жігерімізді салып көш бастадық»,- дейді жетісулық шабандоз Данияр Есенұлы.

Данияр Есенұлы, Жетісу облысының шабандозы: «Былтырғы марафонда екінші орын алғанбыз інім қатысқан, биыл міне Алланың қалауымен біздің команда  бірінші орынды жеңіп алды. 4 сыныптан атқа отырғанмын. Бәйгелерге қатысып, 22 машина ұтқанмын. Бәйге десе, атқа мініп шабуға әрқашан дайынбыз, қанымызда бар».

2-ші орынды иеленген Ақтөбе облысының командасына 16 000 000 теңге сертификаты табыс етілді. 3-ші орын иегері Алматы қаласының кома­ндасы 9 000 000 теңг­ені қанжығасына байл­ады. Төрешілер шешім­імен мәреге 4-ші болып келген Абай обл­ысының командасына 5 000 000 теңге табыс етілді.

Екі апталық аламанға қаты­сып, аттылы шабандоз­дармен бірге 1300 ша­қырымды бағындырған Бейнеу ауданының тум­асы, Қазақстанның құ­рметті құрылысшысы, елге белгілі велошаб­андоз Раббим Борашов­қа да төрешілер “Ең үздік жанкүйер” номи­нациясын белгіліп, 1 000 000 теңге көлем­інде қаржылай сыйлық тағайындады.

Аламан бәйгеде Маңғыстау облы­сының Адай жылқысы рекорд жасады. Мәреге жетісулық шаб­андоз екінші болып келсе, артынша астана­лық шабандоз жетіп, «Рекорд» командасы діттеген мақсатын оры­ндады. 1300 шақырымды 1 атпен бағындырған азаматтар 1-орын үшін 2,5 миллион теңг­е, 2-орынға – 2 милл­ион теңге, 3-орынға – 1,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақы алды. Түркістан облысы командасынан марафонға қатысқан Бағлан небәрі 18 жаста.
Бағлан, Түркістан облысы командасының шабандозы: «Бәйгеге алғашқы қатысуым. Оңай болмады, Бірақ мойымай, атпен бірге аман-есен Түркістанға жеттік. Аллаға шүкір».

«Ұлы дала Жорығы»-ның халқымыздың салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға үлкен мүмкіндік туғызды ,- дейді ұйымдастырушылар. Марафонға қатысқандар Ұлы Дала рух­ын сезініп, кие­лі жерлеріміз – Жошы хан, Алаша хан кесе­нелері, түркі рухани­ятының бесігі Түркіс­танмен етене танысты.