Өзіміздің өнім өзгелерді оза шаппақ

224
Өзіміздің өнім

«Swed kaz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Бизнестің жол картасы-2020” бағ­дарламасы аясында жүзеге асқан ауқымды жобалардың бірі. Зауыттың қуаттылығы жылына 3 тонна түрлі синтетикалық жуу заттарды өндіреді. Кәсіпорын кір жуу ұнтағы мен сабын және ыдыс-аяқ жуатын тұрмыстық тұтыну тауарларын шығарады. Кәсіпорынның нәтижелі жұмысының арқасында Қарасу ауылының 50 шақты тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.

Зауыттағы өндіріс директорының айтуынша, жергілікті тұрғындарды ирандық құрылғыларда жұмыс істеуді үйрету оңайға түспепті. Ол үшін шетелден арнайы мамандарды шақыртып, оқытып, даярлаған. Басында қиын болғанымен қарасулықтар жаңа технологияны тез игеріп, жақсы жұмыс нәтижесін көрсететіпті.

Ашраф Акбари, компанияның өндірістік директоры: «Ауыл тұрғындарына қалаға барып, жұмысқа орналасу оңай емес, әрине. Ал біз оларға барлық жағдайды жасап отырмыз. Жұмыс барысында үш мезгіл тамақ береміз, тегін. Оқытып, білімдерін жетілдіріп отырамыз. Осы тұрғыда Елбасының көреген саясатына алғысымды білдіргім келеді. Егер, дәл осылайша, бірлікте жұмыла жұмыс жасасақ, Қазақстанның экономикасы алға қарай өрби түспек».

Жаны нәзік болса да, шағын цехта шебер болып қызмет атқаратын Ольга Климащенко ирандық әдіспен жуу құрылғыларын шығарудың қыр-сырын меңгеріпті. Халыққа қажетті тұтыну тауарын сапалы етіп жеткізу басты міндетіміз дейді.

Ольга Климащенко, зауыттың қызметкері:» Менің осында жұмыс істеп жатқаныма екі жыл болады. Жұмысым жақсы, ең бастысы үйіме жақын. Айлығымда көңілге қонымды.»

Кәсіпорынның тауары сапалы. Адам денсаулығына ешқандай зияндылығы жоқ. Нарықтағы бағасы да қолжетімді. Зауыттың еліміздегі сұраныстың 40 пайызын қамтамасыз етуге қауқары бар. Бүгінде кәсіпорынға облыс басшылығы тікелей қолдау көрсетіп отыр.

 Алимжан Мизамходжаев, зауыттың технолог-инженері: «Біреулер арзан тауарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін. Алайда, біз шығарып отырған сабын, ұнтақ, ыдыс жуатын сұйықтықтың сапасы күнделікті лабараториялық тексеруден өтіп отырады. Осы уақытқа дейін тұиынушылардан ешқандай шағым түскен жоқ.»

Айта кетейік, бүгінде кәсібін шыр айналдырып отырған жергілікті компанияның тауары елге 10 жылдан бері таныс. Дайын тауар бұған дейін сырттан тасымалданып келген. Кедендік Одақ құрылғалы жуу құрылғыларын шеттен әкелу тиімсіз болған. Сол себепті де зауыттың өз елімізде бой көтеруі тыңнан түрен түрілген жаңа бастама болды. Алайда, әлі де жүзеге аспаған талай жоспарлары бар. Үкіметтен қолдау болса дейді, тағы да.

 Ашраф Акбари, компанияның өндірістік директоры: «Cоңғы уақытта бізде де шикізаттың жетіспеушілігі сезініп жатыр. Оған жаңадан бой көтеретін қосымша цехтарға жұмсалатын қаражатты қосыңыз. Осы орайда, мемлекеттік тендерларға қатысақ деген ойымыз бар. Ол да өз көмегін тигізер. Мемлекет қолқанат болып, қаржылай көмектессе, өндіріліп отырған 3 тонналық өнім, 10-15 тоннаға өсер еді.»

Қарасулық кәсіпкердің зауыты зымырап тұр, әзірге. Қарапайым халықта риза, жұмысбасты болғанына. Ендігі мақсат-сапалы өнімнің санын көбейту.