Айжан мен Бақытжан отбасылық сайыста бақ сынады

922
Оразбаевтар отбасы 1-орынды иеленді

«Ең жарқын сәтіміз». Осылай аталған отбасы байқауы өтті Шымкентте. Бақытты жанұялардың болмысын танытқан үміткерлер сайысы дәстүрлі шараға айналған. Жоғары дәрежедегі дайындықты талап еткен сайысқа ең таңдаулылар қатысты.

Оңтүстік Қазақстан этно-мәдениеттік славян орталығы ұйытқы болды шараның салтантты өтуіне.  Бірінші айналымда отбасын таныстырған үміткерлер сайысының екінші кезеңі сұрақ-жауаппен өрбіді. «Отбасы деген не?» деген сауалға айтқан жауабы көпшілікке қызығуышылық тудырды, әрине.

Үшінші кезеңде әр отбасы өз өнерлерін ортаға салды. Нөмірі 3-болып жанұясының жарасымын танытқан Мұстафаевтар отбасы халықтың көңілін әнімен жаулады. Себебі, Айжан мен Бақытжан бұл сайысқа ден қойып, тыңғылықты дайындалған болатын.

Мұстафаевтар жанұясы жүлде үшін қатыспағанын айтты

Бақытжан Мұстафаев, үміткер:

— Біз жұбайымыз екеуміз бұл сайысқа жеңіс немесе жүлде үшін қатысып отырған жоқпыз. Отбасының айрандай ұйыған келбетін танытқымыз келді. Әрине, жанұяның тату-тәтті өмір сүруі үшін, шаңырақтан шаттық кетпеуі үшін қажетті қағидалар бар деп ойлаймын. Мәселен, әйел адамы отағасының айтқанына құлақ асып, баларын тәрбиесіне аса мән беру маңызды. Сондай-ақ ата-ененің алдында кішіпейілділік танытып, құрмет көрсетуі қажет. Сонда ғана отбасының керегесі мықты болмақ.

«Отан — от басынан басталады» деген қанатты сөзді қағида тұтқандар көпшіліктің көңілінен шықты. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін байқаудың басы-қасында болды. Шымкентіктер бұл байқаудың тәрбиелік мәні зор дейді. Әрбір отбасын татулыққа, ауызбіршілікке, сыйластыққа шақырған шараға  қаламыздағы өнерпаздары да белсене атсалысты. Би билеп, ән айтып кештің көркін кіргізді. Жиналған көпшілік рухани ләззат алып қайтты.

Салт-дәстүрін саф алтындай сақтаған Оңтүстік отбасылары осылайша көпшілікке үлгі-өнеге көрсетті. Сонымен байқаудың жүлделі 1-орнын  -жарасымды жұп аталымын Оразбаевтар (Мейіржан мен Жанар) отбасы иеленді. 2-орын Кузнецовтарға (Максим и Рания) бұйырды. 3-орынға белгілі эстрада жұлдызы Мұстафаевтар (Бақытжан мен Айжан) отбасы лайық деп табылды.  Бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Бастысы , бұл байқау отбасылардың кішкентай ғана мемлекет болғанымен , үлкен қадамға жол бастайтынын ұқтырды.