Әнші Бақытжан Мұстафаев пен жары Айжан ұлды болды

Бақытжан Мұстафаев пен Айжан дуэті

Шымкенттік дуэт Бақытжан мен Айжанның отбасында ерекше қуаныш. Өйткені дүниеге Рахым есімді шекесі торсықтай ұл бала келді. Тұнғыш ұлдарының есімі Рахман. Екі бауыр бір біріне серік болып жүрсін деп осылайша есімдерін ұқсастырып қойған.

Жұлдызды жұптың шығармашылығындағы соңғы жаңалықтың бірі-ғашықтар жайындағы жаңа әннің жарыққа шығуы.

Бақытжан Мұстафаев өнер жолына осыдан бірнеше жыл бұрын келген. Бүгінде репертуарында бірнеше әндермен бірнеше бейнеклиптер бар. Оның ішінде халықтың көңілінен шыққаны «Махаббат» тақырыбындағы туындылар.

Бақытжан Мұстафаев, әнші: «Отбасылы болған соң шығармашылықтан аздап болса да қол үзіп қалатынын рас. Алайда барынша уақыт тауып жеке репертуарларымызды жаңартып отырамыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын жеке дыбыс студиясын аштым. Әндерді өндеумен айналысамын. Егер сәтін салса бірер күнде жаңа әнімізге бейнеклип түсіріпте қалармыз».

Айжан, әнші: «Біз Бақытжан екеуіміз осы өнер жолында жүріп таныстық. Таныстығымыз достыққа кейін махаббатқа ұласты. Міне шаңырақ көтеріп екінші ұлымыз дүниеге келді. Барлығын бірге отырып шешеміз. Алғашында қиындықтар болатын. Қазір уақыт өте келе арамызда түсіністік пайда болды. Мен өзім болашақ кәсіби әншімін. Шетелге барып шығармашылығымды жалғастырғым келеді. Бақытжанда оған қарсы емес. Бірнеше байқауларғада қатысып жүлделі орындарды иемденген жағдайым бар. Ал Бақытжан түсінігі мол жан. Қашанда ойымыз бір жерден шығады».