Шымкент қаласының ардагерлері Кеңес Пленумына жиналды. Олар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, келешекке жоспар түзді. Ұлы Отан соғысының ардагері Халел Атамтаев 92 жаста, қимылы ширақ. Қоғамдық жұмыстардан тыс қалмайтын ақсақал, бүгін де ортақ мәселеге немқұрайлы қарамайтынын танытты. Жылдан жылға қаруластарының қатары сиреп бара жатқанын тілге тиек еткен қария оларға құрмет күнделікті көрсетілсе деген тілегін жасырмады.
Халел Атамтаев, ҰОС ардагері: » Бізді Ұлы Жеңістің 67-жылдығында ел танып, құрмет көрсетті. қариялармен бірге Орталық саябаққа барып, шахмат ойнаймыз. Бір рет облыс әкімі бізден не қажет екенін сұраған еді. Біз бас қосатын орын жайлы айтып едік, аз уақытта жап -жақсы демалыс орнын бөлдірді. Рахмет. Қала әкіміне сол төңіректі көріктендірсін деп еді, ол әкім кетті. Ол жер сол баяғы қалпында».
3- Пленумда бастауыш ұйымдарға көңіл бөлу қажеттігі де сөз болды. Егер мекеме, кәсіпорындардың жанында осындай ұйымдар құрылса, онда сол жерден зейнетке шыққан қызметкерлер назардан тыс қалмайды. Осы бағытта Қатынкөпір шағынауданының ардагерлер кеңесінің жұмысы үлгі тұтарлықтай.
Салыбек ҚҰДИЯРОВ, Абай ауданындағы Қатынкөпір шағынауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Төраға болып 2007 жылдан бері істеп келемін. Алдын кеңесте 420 ардагер болатын. Жаңа елдімекендер қосылып, көше билері көше аралап, ардагерлердің тізімін жасады. Мереке қарсаңында демеушілердің көмегімен өз ардагерлерімізге құрмет көрсетеміз».
Осындай жұмыстың нәтижесінде шағынаудандағы ардагерлер тізімі 1300-ге жеткен. Елдімекенде 27 ҰОС ардагерінің көзі тірісі 12 ғана. Жауға намысын бермеген ел ағаларының жастарды тәрбиелеуде, Тәуелсіз Қазақстанның беріктігін сақтауда орны да, үлесі де сүбелі.