Енді прокурорларға электронды түрде өтінім жолдай аласыз

Сурет e.req.banner.kz сайтынан алынды
Сурет e.req.banner.kz сайтынан алынды

Интернет пайдаланушылардың назарына! Енді Оңтүстіктің азаматтары Прокурорлық органдарға электронды түрде өтінім жібере алады. Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өткен жылдың 1 желтоқсанындағы «Электрондық іс жүргізуге өту туралы» бұйрығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының органдары мен мекемелері «Қадағалау» Бірыңғай акпараттық-талдау жүйесі арқылы жүзеге асып, электрондық іс-жүргізуге толығымен өтіп отыр.

Осы жүйені жетілдіру мақсатында Бас прокуратурамен «Электрондық өтінімдер қабылдау» қызметі іске асырылып, «Қадағалау» жүйесіне www.115. кz порталымен байланыстырылған.

«Электрондық өтінімдер қабылдау» порталы деген не? Бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының электронды цифлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына өз өтінімдерін электронды форматта Интернет арқылы жіберуге арналған қызмет. Яғни, порталда азаматтарға өтінімнің орындалу тарихын тіркелуден бастап орындалуына дейін күзетуге мүмкіндік беріледі.

Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, электрондық өтінімді жіберу және электрондық цифрлық қолтаңбаны алу туралы толық ақпаратты Internet Explorer www.pki.gov.kz. сайтына кіру арқылы білуге де болады.