Лондон олимпиадасының ашылу рәсімінде еліміздің көк байрағын балуан Нұрмахан Тінәлиев ұстап шығатын болды.
Тудың грек-рим күресінің балуанына тапсырылуы кездейсоқтық емес. Ол бұған дейін әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы атанған тәжірибелі балуан.
» Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Ермахан ағам сияқты елге алтын медаль сыйлауға бар күш-жігерімді саламын»,- дейді нар тұлғалы Нұрмахан балуан.
Бір айта кетерлігі, бұл ақпаратты ҚР спорт және дене тәрбиесі жөніндегі агенттік әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.