Оңтүстіктің палуандары Қазақстан кубогын жеңіп алды

500
Грек-рим күресі

Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы грек-рим күресінен Қазақстан Кубогын иеленді. Байрақты бәсеке Ақтөбеде өткен.

Грек-рим күресі

Грек-рим күресінен сайысқа еліміздің 11 аймағының құрамасы қатысты. Жарыстың алғашқы күнінде топтық кезеңде үздіктер анықталып, өз топтарынан Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысының командалары суырылып шықты. Аталған үш ұжым жүлделерді өзара сарапқа салып, нәтижесінде жерлестеріміз 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Грек-рим күресі

Жалпы нәтиже төмендегідей:

1.Оңтүстік Қазақстан облысы
2.Ақтөбе облысы
3.Қарағанды облысы
4.Алматы облысы
5.Атырау облысы
6.Павлодар облысы
7.Астана қаласы
8.Қостанай облысы
9.Маңғыстау облысы
10. Алматы қаласы
11. Жамбыл облысы

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі