Мардан Сапарбаев атындағы турнирдің чемпиондары анықталды

652
чемпиондар арасында шымкенттіктер де бар, фото sk-sport.kz сайтынан алынған

Академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнирдің жалауы биыл да көтерілді. Бұл жолы тоғыз елдің палуандары  ымкентте тәжірибе жинақтауға тырысты. Шетелдік спортшылардың ептілігін байқау үшін жарысқа арнайы қонақтар да келді. Олардың арасындағы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ізбасарларына өз батасын берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0fiP8_ParsE[/youtube]

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: «Бұл жарыстың беделі бірінші күннен бастап-ақ жоғары болатын. Тәжірибелі спортшылар келеді. Ал жастарға шеберлігін шыңдауға жақсы мүмкіндік, бапкерлер де іріктеу жасай алады. Шымкенттегі осы спорт думаны құтты болсын!»

 чемпиондар арасында шымкенттіктер де бар, фото sk-sport.kz сайтынан алынған
Фотосурет sk-sport.kz сайтынан алынған

Әрбір жекпе-жек тартысты өтті. Өйткені кездесулерді ұлттық құраманың бапкерлері де бақылап жүрді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша ел құрамасы жасақталынады.

Байрақты жарыс екі күнге жалғасты. Оңтүстік қоржынына алтын медальды Бекзат Жасия, Абылайхан Амзеев, Агит Сүлейменов пен Әлімхан Сыздықов салды. Ал Әділхан Сатаев, Рамазан Мұстафаев, Даулет Батырбеков, Рашид Кочеев, Яша Шакиров, Рустам Гасимов пен Даулетқожа Умарханов жүлдегерлер қатарынан көріне білді.