Оңтүстікте кеденшілердің 90 пайызы шендерін шешетін болды

Оңтүстікте кеденшілердің 90 пайызы шендерін шешетін болды. Демек, 654 қызметкер погонынан айрылады. Олардың барлығы аттестаттаудан өткізілмейді.

Қызметтік формасы өзгеріп, шені сақталып қалатын кеденшілер ендігі жерде қарапайым түрде қызметін жалғастыра береді. Бұл туралы «Оңтүстік» баспасөз клубында өткен жиында айтылды.

Мұнда құқық қорғау органдарының өкілдері мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері алдағы аттестациялау кезеңіне дайындық туралы сөз қозғады.

Жалпы бұл орган өкілдерінің мемлекеттік міндетті тапсыруы мамыр айының соңынан басталып, желтоқсан айына дейін жүргізіледі. Бұл науқанда сынақтан сүрініп қалғандар қызметімен қош айтысатын болады. Өйткені қайта аттестациядан өтуге мүмкіндік берілмейді.

Мемлекеттік міндетті сынақтан өтудің талабы мен тәртібін қозғаған шенділер қазір алдағы науқанға дайындықтың күшейгенін айтады.