Заман талабына сай кәсіптік мамандықты меңгерген биылғы бітіруші 500 оқушы куәлікке ие болды. Енді олар тігінші, көлік жүргізуші, техник маманы ретінде кез-келген жерде жұмыс істей алды.
2 жыл №2 мектеп-аралық өндірістік комбинатында 10 мамандық бойынша 1200 оқушы білім алған. Қаламыздағы он шақты мектепті қамтитын оқу орны бітіруші түлектерге сапалы білімін беріп қана қоймай, қоғамға қажетті маман ретінде тәрбиелеп шығарды.
Ғалия Қарабай, мамандық иесі: «Мен ЭЕМ операторы мамандығын алып шықтым. Болашақта компьтердің құлағында ойнайтын шебер маман болғым келеді. Алғашқы сатысын мектеп табалдырығында жүріп-ақ меңгеріп алдым. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздарыма рахмет.»
Куәлік тапсыру рәсімін №52 мектепте салтанатты түрде атап өткен ұжымға бітіруші түлектер мен қатар ата-аналар да дән риза. Баласын жастайынан еңбекке баулып, адам болуға үйреткен Құралбай Көмекұлына деген ризашылықтарын да жеткізді.
Гүлзада Молдабекова, №52 мектептің директоры: «Біздің оқушылар кәсіптік мамандықты игеріп шықты. Кәсіптік мамандық бүгінгі қоғамға керек-ақ. №2 оқу-өндірістік комбинатында оқытылатын мамандықтардың барлығы заманның сұранысы. Сол мамандыққа байланысты білікті мамандар сабақ берсе, оқу орны дәл сол талапта жабдықталған. Сондықтан да осы оқу орнының басшысы Құралбай Көмекұлына көп рахмет айтамын».
Тек куәлік тапсырып қана қоймай, әрбір оқушысын екі жылда көрсеткен үлгі-өнегісі мен тәлім-тәрбиесі үшін марапаттаған білікті басшы Құралбай Көмекұлы бітіруші түлектерінің ертеңі жарқын болуын қалайды. Міне, осылайша маман атанған түлектер, оқытқан ұстаздарына бас ие тарқасты. Лайым, ұстаз сенімін ақтағай.
Айдана Әлишерқызы, мамандық иесі: «Елімізде денсаулық саласына көптеп көңіл бөлініп отыр. Сондықтан да медбике болуды армандаймын. Биыл емдеу ісі мамандығына оқуға тапсырамын. Өзімнің мектепте жүріп, кіші медбике мамандығын игеріп шыққаныма қуаныштымын. Білім берген ұлағатты ұстаздарыма рахмет».