6 партияның тізімі бойынша 68 кандидат мәслихаттағы 16 орынға таласады

48

19 наурызда ҚР Парламентті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтеді.

Шымкентте мәслихат депутаттығына 6 партия 68 кандидаттың тізімін ұсынды. «Ақ жол», «Аманат» және «Ауыл» партиялары үміткерлерге тіркелгендігі жайлы куәліктер табыс етілді.

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссия төрағасы «Ауыл» партиясының өкіліне куәлік пен хаттаманы табыс етті. Шымкент қалалық мәслихатында 32 депутат орны болса, олардың 16- партиялық тізім бойынша жасақталады.

Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы: «6 партиядан 68 кандидаттың тізімі қабылданды. Олар 6 – «ҚХП, «Ақ жол» партиясы – 13 үміткер, 6 кандидат – «Ауыл» партиясынан, 31- «Аманаттан», 4-уі- «Республика» партиясынан  және 8-і «Байтақ» партиясынан. Барлық кандидаттарға қатысты құжаттар алынды. Сотталмағаны, азаматтығы жайлы».

Бүгінгі таңда Шымкенттің аумағында 16 округтік сайлау комиссиясы бар. Оның ішінде Мәжіліс депутаттарын сайлауға 2 округ- № 6 және № 7, 330 сайлау учаскесі жұмыс атқаруда. Олардың 23 жабық мекемелер, әскери бөлімдер, қарттар үйі, медицина мекемелері. Бұл жолғы сайлауға шаһарда жаңадан құрылған Тұран ауданында 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соңғы президент сайлауындағы мәліметтер бойынша мұнда 638 мыңнан астам азаматтар дауыс беру құқығына ие. Бұл тізім әлі толығады дейді комиссиядағылар».

Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: «БАҚ өкілдері үгіт-насихат жұмыстарына қатыса алады. Олардың  көрсететін қызмет түрлерінің прайс-парақшалары жарияланды.  Енді қайсысы саяси шараға қатыса алады, Ол ресми жарияланады».

Егер де сайлауға қатысты қандайда бір сұрақтар туындаса, Ай көмек ақпараттық орталығы, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының фейсбук парақшасы және қала әкімдігінің сайтынан толыққанды мәлімет алуға болады.