Шымкент күнінен бөлек, «Асардың» өз туған күні бар

327

Халқымыздың бірлігі күнін «елім деп» шеттен келген қандастарымыз да ерекше атап өтті. Шымкенттің іргесінде «Асар» шағынауданының бойкөтергеніне 6 жыл толып отыр. 2006 жылы алғашқы баспананың қазығы қағылды мұнда. Бүгінде өзіндік ерекшелігі басым бұл қалашықта 14 мыңнан астам бауырлар тұрады.

Мінайымбек Салыбаев, «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: «Наурыз айын атап өткенде ақсақалдармен ақылдасып, Асардың туған күнін 1-мамыр «ел бірлігі»мерекесімен бірге атап өтуді ұйғардық».

Боз бала да, ел ағалары мен ақжаулықты аналар да қуанышқа кенелген шақ. 1-мамырды Асарлықтар-шағынауданның туған күні деп белгілепті.

Нұржамал Ташқұлова, тұрғын: «Асарымыз жасай берсін. Қуанышымызда шек жоқ».

Шағынауданда жоспарланған 1550 баспана толығымен салынып бітті. Алдағы уақытта «Асардың» тұрғындарының қатары 20 мыңға жетпек.