Шымкентте «Цеснабанк» акционерлік қоғамының «Цесна гарант» еншілес сақтандыру дирекциясы ашылды. Жаңа кеңселердің ашылуы арқылы клиенттерді көбейтіп, нарықтағы сақтандыру қызметінің сапасын арттырамыз дейді компанияның өкілдігі. Бүгінгі күні «Цеснабанк» АҚ-ның филиалдарында және еліміздің барлық аймақтарында сақтандыру компаниясының кеңселері белсенді түрде жұмыс істеуде.
Мадина Маханова, «Цесна-гарант» СК АҚ-ның басқарушы директоры: «Шымкентте компанияның үш кеңсесі ашылды. Яғни бір филиал мен 2 дирекция. Мұнда нәтижелі істің кәсіпқойлары жұмыс істейді. Адамдармен ашық-жарқын қатынас, жеңілдіктер жүйесі, заманауи төлемдер жасау — біздің сақтандыру компаниясының жұмысындағы басты ұстаным осы».
Орталықтың жұмысы мүліктерді, көлікті сақтандыру, қайғылы оқиғалар мен шетелге шыққан азаматтардың өмірін сақтау секілді қызметтер аясында жұмыс істейді. Оның аясына әр түрлі қызмет саласындағы азаматтардың құқықтық-азаматтық сақтандырылуы да кіреді. Орталықтың мамандары әрбір клиентке сақтандырудың пайдалы түрін таңдап, тұтынушы үшін ұтымды жағын көздейді.
Алексей Казавчук, ОҚО-дағы дирекцияның директоры: «Біздің компания ҚР-ның сақтандыру төлемдерінің кепілдендіріген қорының мүшесі болып табылады. Бұл дегеніңіз әрбір клиенттің сақтандырыруы кепілді түрде жұмыс жасайды деген сөз. Ең бастысы, біз өз клинтеріміз үшін қашанда қызмет етуге дайынбыз. Сақтандыру компааниялары көп, бірақ «Цесна-Гарант» біреу ғана. Біздер еліміздегі әрбір азаматтың өмірін жеңілдету үшін жұмыс істейміз».
«Цеснабанк» АҚ-ның еншілес ұйымындағы «Цесна-Гарант» сақтандыру компаниясы» — бұл Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жас, болашағы кемелді һәм әмбебап ұйым. Акционерлік қоғамдағы «Цесна Гарант» компаниясы сақтандырудың кең салалы бағдарламасымен жұмыс істейді. Әрбір клиентке жеке көңіл бөлетін ондағы мамандар сақтандырудың қолжетімді шарттарын назарыңызға ұсынады.