«Цеснабанк» тұтынушылары артуда *

399
"Цеснабанк" АҚ мекемесі

Валюта айырбастау орны, қаржы аударымдар, коммуналды қызмет үшін төлем және тұтынушының несиеге қатысты түрлі талаптары. Мұның барлығы да Цеснабанктің клитенттері үшін қолжетімді. Бүгінде аталған банк ел арасында тұрақты әрі сенімді қаржы институты ретінде танымал, тіпті, облыс орталығындағы бөлімшелері 10 мыңнан астам заңды және жеке тұлғаға қызмет етеді. Бұл банктің көмегіне әрдайым жеке кәсіпкермен қатар, ірі кәсіпорындар да жүгінеді.

"Цеснабанк" АҚ мекемесі
«Цеснабанк» АҚ мекемесі

Вадим Торопов, «Цеснабанк» АҚ тұтынушысы: «Мен 6 жылдан бері «Цеснабанкпен» жұмыс істеймін. Сенімді. Мұндағы қызметкерлер де жылдам жұмыс істейді, ұзын-сонар кезек күтіп сабылудың да қажет жоқ. Ең бастысы, үстеме пайызы өзгелермен салыстырғанда төмен».

Әрбір тұтынушыға дербес көзқарас, оның талабын шұғыл түрде орындау және бірлесе жұмыс жасауды тиімді дамыту. «Цеснабанк» әрдайым клиенттері үшін ұтымды жағдайды жасап келеді. Ал жастар, әсіресе, студенттер арасында карталық операциялар қолданысқа ие.

Енді студенттер шәкіртақы алуда немесе оқу төлемақысын төлеуде қиналмайды әрі уақыт үнемдейді. Депозиттер, аванс, мамандық, шығынды өтеу және «Цесна-болашақ» бағдарламасы қаржыңыздың сенімді сақталуының кепілі ғана емес, оның құнының артуына да сеп болады.

Олжас Оразов, «Цеснабанк» АҚ ОҚОФ басқарма басшысының орынбасары: «Қуантарлығы сол, жыл санап «Цеснабанкке» сеніп келушілер қатары артып жатыр. Бұл біздің ұжымның, банктің еңбегі деп білемін. Біздің банкті шетелдіктер де мойындап, халықаралық мәртебелі сайыстарда көш басына қойып жатыр».

Жыл қорытындысы бойынша ел аумағында екінші деңгейлі банктер арасында Цеснабанк үздік үштікке енді. Айта өтейік, бүгінде республика бойынша банктің 22 филиалы мен 146 бөлімшесы тұтынушыларға қызмет көрсетіп келеді. Жуырда өңірімізде бұл банктің жеке тұлғалар үшін арнайы ВИП-орталығы қызметін бастайды деп жоспарланып отыр.

* – жарнама негізінде