«Цеснабанктің» жаңа бөлімшесі ашылды

210
"Цеснабанк" АҚ-ның бұл бөлімшесі 18-шағынауданда орналасқан

 

«Цеснабанк» АҚ-ның бұл бөлімшесі 18-шағынауданда орналасқан

Бүгін «Цеснабанктің» жаңа қызмет көрсету орталығының тағы бір бөлімшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Филиал 18-шағынаудандағы Ерімбетов көшесінде орналасқан.

Әмбебап банк қызмет көрсету орталығы кез келген клиенттің сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі мол. «Цеснабанктің» Сарыағаш, Ақсукентте және қала орталығы Тәуке хан даңғылы бойында да бөлімшелері бар болатын. Енді шағынаудандар да филиал ашылып отыр. Бұл күні банкке келген халықтың саны көп болды.

Валюта айырбастау, ақша аударымы, коммуналдық төлемдері, клиенттің несие бойынша түрлі талаптары. Мұның барлығы -“Цеснабанктің” клиенттеріне қолжетімді.

Банк басшылығы жаңа бөлімнің үлкен жетістіктерге жеткізетініне кепіл болады деп үміттенеді. Сондықтан клиенттеріне жоғарғы қызметті ұсынуда.

Айта өтейік, «Цеснабанктің» жаңа қызмет көрсету орталығы таңғы сағат 9-дан, кешкі 18-00-ге дейін, 9 сағаттық күн тәртібінде жұмыс жасайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oWxe5xQabtQ[/youtube]