Әнші әрі композитор, «Шалқар» ұлттық термешілер байқауының жүлдегері Заттыбек Көпбосынұлы жаңа ән жаздырды. «Қасымда жүрсең сен» деп аталатын жаңа туындыға бейнеклип түсіруде жоспар да бар. Заттыбек Көпбосынұлы сонымен бірге 2 мамыр мен 13 мамыр күндері Шымкент қаласында ұйымдастырылатын концерттік кештерге қатыспақ.
Заттыбек Көпбосынұлы,әнші: «Мені Алматыға қоныс аударды деген аты болмаса, мен көбінесе Шымкенттемін. Мерекелік кештер, тойлар бар. Ал шығармашылық жолыма келер болсам, тыңбай еңбектенудемін. Жаңа әндер қашанда ән қоржынымды толықтырып тұрады. Жақында «Қасымда жүрсем сен» атты жаңа ән жаздырдым. Мағынасы жағынан өте жақсы.Тәрбиелік мәніде зор. Ал мамыр айында толығымен Шымкентте боламын десемде болады. Өйткені 2 мен 13 мамыр аралығында «Алдараспан» әзіл ысқақ театры ұйымдастырған бірнеше концерттік кештерге қатысамын. Айдың соңына қарай Жезқазған қаласына барып жеке кешімді бермекпін».
Естеріңізде болса, Заттыбек осдан бірнеше ай бұрын ұзақ жылдардан кейін қызды болған еді. Әнші қызым өз туған жерін ұмытпасын деген мақсатпан осында жиі әкеліп тұрады екен».