Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердегі жолақы шілде айының бірінші жұлдызынан бастап 45 теңгеге өседі.
«Южавтотранс» қауымдастығының ұсынысымен көтерілген бұл баға содан кейін қазан айында қайта өзгермек. Яғни, күзде жолаушылар автобустар мен шағынавтобустарда жол жүргені үшін 50 теңге төлейді деп күтілуде.
Бүгін өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 8-ші сесиясында қалалық мәслихаттың депутатары осы өзгерістіі бірауыздан бекітті. Естеріңізде болса, өткен жылдың қаркүйек айында да қалалық мәслихаттың депутатары жолкіренің көтерілуін қолдаған болатын.
Тек сол шешім түрлі себептермен орындалмай қалған. Қалалық мәслихаттың депутатары бүгін сол шешімнің күшін жойды.