Шымкент қаласындағы тұрмыстық қалдықтардың ескі полигонының 70 пайызында рекультивация жұмыстары жүріп жатыр. Ал жаңа полигонның мәселесі әлі де толық шешілмеген.
«Дәл қазір қаланың тұрмыстық қалдықтарын ескі полигонға апарып тасудамыз. Онда бар-жоғы 4 га аумақ бөлінген. Сол тинақтай жерге қоқысты тасымалдап жатырмыз. Қатты қалдықтар сұрыпталмайды да. Полиэтилен пакеті, бір реттік қолданыстағы бөтелкелері бар, сосын түтіндеп жатқаны жатқан. Күнде өрт шығып жатады десем артық айтпаймын. Күніне 300-500 тонна тұрмыстық қалдық тасымалдаймыз. Жаңа полигонның ауылы алыстап барады. Ал ескісін жауып тастаған. Айналдырған 4 га аумақтың қай жағына апарып тығамыз қоқысты. Бұрын 21 га кезінде жұмыссыздардың көмегімен қалдықтар сұрыпталатын еді,»-дейді «ЛТД ТҰрмыс» ЖШС-нің өндіріс бөлімінің инженері.