Шардарадағы қоқыс алаңы тазартылды

519

Шардара қаласының іргесіндегі «Әсем» шағынауданының тұрғындарын  құттықтаймыз.  Олардың  үйлерінің  алдындағы  алаң қоқыстан тазартылды.

Естеріңізге сала кетейік, шардаралықтардың  мәселесін біз  сайтта көтерген болатынбыз. Өздеріңіз куәсіздер. Ресми жауап келді. Онда фотосуреттер де жіберілген.  Сенбіліктің нәтижесі  көз алдарыңызда.

Тұрмыстық қалдықтарды «Шардарасервис» МКК техникасы мен  жұмысшылары тазалаған.  Мекеме басшысының айтуынша: «Ескі полигон жабық болған. Бірақ, онда күзеттің болмағандығынан қоқысты жолдың бойына тастау әдетке айналған».

Сын материалдан кейін  ғана жергілікті биліктің  шара көретіні қынжылтады. Әйтпесе,  мәселесін айтып  бармаған жері қалмаған тұрғындар шарасыздықтан  БАҚ өкілдеріне жүгінген.

Шардара қаласы әкімінің орынбасары  «Әсем» шағынауданындағы алаңды бақылауына алатынын жеткізіп,  қаладан екі шақырым жерде жаңа қоқыс алаңы барын ескертті.

 

Шынар Оразова