Тұрмыстық қалдықтарды тастаған жағдайда 30 мың теңге айыппұл салынады

86
фото azh.kz

Бүгінде қала шырайына көлеңке түсіріп, кез-келген жерге қоқыс тастайтындардың қатары артып барады. Әсіресе үйге жөндеу жұмыстарын жүргізген тұрғындар қоқыс контейнерлеріне құрылыс қалдықтарын, ескі жиһаздарды тастап кететін жағдайлар жиілеп кетті.

 

Осы орайда жергілікті учаскелік полицейлер мен сала мамандары мониторинг жүргізуде. Егер де қоқыс контейнерлерін заңсыз пайдаланып, қоқыс орындарына тұрмыстық қалдықтарды яғни, құрылыс материалдары қалдықтарын, жиһаздарды тастап, тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыздық тудырған жәйттарға куә болсаңыз 8 775 072 00 05 нөміріне видео немесе фото жіберіңіз. Қала тазалығына бей-жәй қарамайтын кез-келген қала тұрғыны қоқыс тастаушыларды тәртіпке салуы тиіс.

Тұрмыстық қалдықтарды тастаған жағдайда 15 315 теңге мен 30 630 теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салынатын болады.