№7 футбол мектебі алда

310
Ендігі мақсат Өскеменде өтетін халықаралық турнирде топ жару

№7 футбол мектебінің 14 жастағы футболшылары кезекті рет чемпион атанды. Шымкентте өткен республикалық жарыста жерлестеріміз қатарластарының арасынан топ жарып, бас жүлдеге ие болды.

 Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Жақында ғана Орал қаласынан да жеңіспен оралды. Алға қойған жоспарды 100 пайыз орындады деп айта аламын. Команда құрамы жақсы жасақталған. Енді Өскеменде өтетін халықаралық жарыста топ жарсақ деп жоспарлап отырмыз. Осындай дайындықпен барса бұл мақсат іске асады деп сенемін».

Спорт ордасының 13 жастағы жеткіншектері де топ жарып отыр. Қазақстан чемпионатында жүлделі болса, таразда өткен жарыста олар алтыннан алқа тақты.

 Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Ақтық сында Маңғыстаудың жастарын артта қалдырды. Чемпионат барысында ең көп гол салған да біздің құрама болды. Олардың ойынына ризамын».

Ересектер құрамасы да алға шыққан сыңайлы. Ақ бұлақты биіктің жастары жеңсе, болатпен тең түсті. Сөйтіп, бүгінде турнирлік кестеде екі сатыға жоғарылай түсті.

  Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Бұл соңғы жеңіс емес шығар деп үміттенемін. Ең бастысы алға талпынып, тәжірибе жинақтау. Өйткені ойыншыларымыз тым жас».

Келесі матч 3-шілде күні Шымкентте өтеді. Жерлестеріміз бұл жолы да ұпай санын көбейту үшін тырысып бағады.