Астана күнінде отандастарымыз үш күн демалады. 6-шілде жұма күні — мереке болса, 7-ші және 8-ші шілде күндері сенбі мен жексенбі күндеріне тура келіп тұр.
2008 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізіліп, сәйкесінше 6-шілде — Елорда күні жаңа мемлекеттік мерекесі белгіленді.
Биыл Қазақстан халқы Астананың 14-ші туған күнін атап өтеді. Бұл күні қалада мереке дәстүрлі түрде, бірнеше күндік ауқымды іс-шаралармен атап өтіледі.